Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы Ақтөбе облыстық филиалының V конференциясы өтті.

2 декабря, 2025

2025 жылы 1 желтоқсан күні Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы Атқарушы хатшысы Керей Бекберген Дүйсенбайұлының төрағалығымен «Байтақ» жасылдар партиясы Ақтөбе облыстық филиалының V конференциясы өтті.
Конференция барысында өңірлік филиалдың алдағы кезеңге арналған ұйымдастырушылық және стратегиялық міндеттері қаралып, жаңа басшылық құрылым қалыптастырылды.
Күн тәртібі қорытындылары:
Ақтөбе облыстық филиалының Төрағасы болып Сексенова Айман Қазиқызы сайланды.
Ақтөбе облыстық филиалының Саяси кеңесінің жаңа құрамы бекітілді.
Ақтөбе облыстық филиалының Бақылау-ревизиялық комиссиясының жаңа құрамы сайланды.
Ақтөбе облыстық филиалының Атқарушы хатшысы қызметіне Жасақбаева Жайнагүл Сагатқызы сайланды.
Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясының Ақтөбе облыстық филиалы экологиялық бастамаларды ілгерілету, жасыл экономиканы дамыту және өңірдің экологиялық мәселелерін шешу бағытында жұмыстарды жалғастырады.