Сапар аясында делегация Жасылдар Партиясының төрағасы Батын Батбаатармен, партия төрағасының орынбасарлары Батбаатар С. және Дежидмаа Д. және басқа да басшылармен кездесті. Кездесу барысында тараптар экология, жасыл экономика және тұрақты даму салаларындағы ынтымақтастықты нығайту, тәжірибе алмасу және бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады.
Сонымен қатар, қазақстандық делегация Моңғолияның тарихи-мәдени мұрасымен танысу мақсатында Богд Хаан мұражайын аралады.
Сапар барысында делегация Ұлан-Батыр қаласындағы Заисан төбесіне көтеріліп, қаланың көркем көрінісімен танысты. Бұл нысан – Моңғолияның тарихи-мәдени ескерткіштерінің бірі ретінде ерекше маңызға ие.