Жаңа спорт нысаны әлемдік стандарттарға сай салынған және 11 мың көрерменге арналған. Стадион аумағында түрлі спорт түрлері бойынша үйірмелер ұйымдастырылған, бұл өңір жастарының салауатты өмір салтын ұстануына және спорттық әлеуетін дамытуға мүмкіндік береді.
Сапар барысында Азаматхан Әміртаев өңірлерде осындай заманауи спорттық инфрақұрылымды көбейту қажеттігін атап өтіп, бұқаралық спортты дамыту – ұлт денсаулығы мен жастардың болашағына жасалған маңызды инвестиция екенін айтты.