Руслан Серікұлы 1990 жылдың 1 қаңтарында Қызылорда облысында дүниеге келген. Білімі жоғары — Қарағанды экономикалық университетін (Қазтұтынуодағы университеті) тәмамдаған.
Еңбек жолын 2011 жылы «АИС Қызылорда» ЖШС-де инженер-геодезист болып бастаған. 2015–2019 жылдары Қызылорда қалалық жер қатынастары бөлімінде бас маман қызметін атқарды. 2019–2021 жылдары «ҚазНефтеГазКонсалтинг» ЖШС-де (АО «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» компаниясының келісімшарты бойынша) инженер-геодезист болып еңбек етті.
2021 жылдан бері «RS-ЖОЛ СЕРВИС» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры.
2025 жылдың 9 қыркүйегінен бастап Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының міндетін атқарушы болып тағайындалған болатын.