Кездесу барысында алдағы сайлауалды науқанға дайындық, кандидаттар тізімін қалыптастыру, сондай-ақ партияның қалалық, аудандық және ауылдық бөлімшелерін ашу мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, бірқатар өзекті экологиялық бастамалар мен аймақтардағы экологиялық ахуалды жақсарту жолдары қарастырылды.