Айман Казиевна — қоғамдық істерге белсене араласып жүрген, экологиялық бастамалар мен жасыл даму бағытында тәжірибесі бар азаматша. Ол партияның құндылықтары мен ұстанымдарын басшылыққа ала отырып, өңірдегі экологиялық мәселелерді шешуге және азаматтық қоғаммен тығыз жұмыс жүргізуге ниетті.
Партиямыздың Ақтөбе облысындағы жұмысы алдағы уақытта да жанданып, жаңа серпін алады деп сенеміз. Тұрғындармен ашық диалог орнатып, жергілікті бастамаларды қолдап, өңірдің экологиялық дамуына үлес қосу — негізгі басымдықтарымыздың бірі.
Сексенова Айман Казиевнаға жаңа қызметінде сәттілік тілейміз!