Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясының төрағасы Азаматхан Сайлауұлы Амиртаев Ақтөбеге іс-сапармен келді!

21 февраля, 2025

Партия төрағасын Ақтөбе халықаралық әуежайында партия өкілдері, аймақтың белсенділері мен қолдаушылары салтанатты түрде күтіп алды. Бұл сапар өңірдегі экологиялық мәселелерді талқылау, «Байтақ» партиясының стратегиялық бастамаларын ілгерілету және қоғаммен ашық диалог орнату мақсатында ұйымдастырылды.

Күн тәртібінде маңызды кездесулер мен экологиялық жобаларды талқылау күтілуде.