Ынтымақтастық туралы келісім

Шілде 22, 2024

Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы мен «Қырғызстанның жасылдар партиясы» арасында қоршаған ортаны қорғау аясында халықаралық келісім меморандумы бойынша

Табиғат-анамен үндестікте өмір сүру, табиғи ресурстардың көзін сақтап, қоршаған айналаны қорғау ғаламшардағы әрбір адамның парызы. Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясының басты ұстанымы да таза су мен ауа, таза жер, таза адами қарым-қатынас, таза саясатқа негізделген. Ортақ мақсаттар арқылы ынтымақтастықты арттыруды көздеген партия төрағасы Азаматхан Әміртаев 21 шілде күні Қырғызстан мемлекетінің Чолпон-Ата қаласында Еркін Булекбаев төрағалық ететін «Қырғызстанның жасылдар партиясымен» ынтымақтастық келісімшартын жасады. Арнайы таңдалып, жасылдар партияларының ұстанымына назар аудару мақсатында Кырчын шатқалы таңдалды. Кырчын Шатқалы ең алғаш көшпенділер ойындары өткізілген аймақ екені белгілі.

Түрі басқа, тілегі бір қос мемлекеттің партиялары түркі мұрасы, тарихы мен мәдениетіне ортақ әрі басты құндылық ретінде қарай отырып, Орталық Азияның бірегей табиғатын бүгінгі балалар, болашақ ұрпақ үшін сақтауды, елдің тұрақты дамуы мен экологиялық әл-ауқатын қамтамасыз ету жолында Ынтымақтастық туралы келісімшартқа қол қойды. Айта кету керек, келісім барысында Қырғызстандық әріптестер тарапынан Түркі елдерінің жасылдар партиялар саммитін Түркістанда өткіземіз деген ұсыныс түсті.

Ынтымақтастық туралы келісімнің негізі мақсаты – қос елге де ортақ түркі мұрасы мен табиғи ресурстарын құрметтеу, тұрақты дамуға ұмтылу, бірлескен қызметтегі ашықтық пен айқындық, экологиялық мәселелерді шешуде ғылыми негізделген көзқарасты ұстану, жергілікті қоғамдық ұйымдарды табиғатты қорғау іс-шараларына тарту сынды принциптерді басшылыққа ала отырып, ортақ экологиялық мақсаттарға қол жеткізу және Қырғызстан мен Қазақстанның табиғи, мәдени мұрасын сақтау үшін Тараптар арасындағы ынтымақтастықты нығайту.

Сонымен қатар қос тарап келісімшартта келесі бағыттарды қамтиды:

–Тянь-Шань және басқа да жалпы табиғи аумақтардың биоәртүрлілігін және экожүйесін сақтау (флора мен фаунаның сирек түрлерін қорғаудың бірлескен бағдарламаларын әзірлеу; трансшекаралық ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру)

– экологиялық туризмді дамыту (екі елдің табиғи және мәдени мұрасын көрсететін экологиялық маршруттарды әзірлеу)

– климаттың өзгеруімен күресу және оның салдарына бейімделу

– орманды сақтау және қалпына келтіру бойынша бірлескен жобаларды ұйымдастыру.

– экологиялық білім беру және ағарту (бірлескен экологиялық фестивальдер мен мерекелерді өткізу)

– трансшекаралық өзендер мен көлдер мәселелері бойынша ынтымақтастық, заманауи су үнемдеу технологияларын енгізу.

– жасыл экономиканы дамыту: өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығына экологиялық таза технологияларды енгізу бойынша тәжірибе алмасу; өнімдерді экологиялық таңбалау бойынша бірлескен бастамаларды іске асыру.

Ынтымақтастық қандай форматтағы шараларды қамтиды?

– Экологиялық тақырыптар бойынша бірлескен конференциялар, семинарлар және дөңгелек үстелдер өткізу.

– Делегациялар, сарапшылар және жас экологтармен тәжірибе алмасуды ұйымдастыру.

– Бірлескен ғылыми-тәжірибелік жобаларды жүзеге асыру.

– Нақты экологиялық мәселелер бойынша бірлескен жұмыс топтарын құру.

– Ақпараттық, аналитикалық материалдармен, жарияланымдармен алмасу.

– Бірлескен экологиялық акциялар мен науқандарды өткізу.

Қатысушылар:

Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы тарапынан

Иманалиев Аскар Муратович Партияның Саяси кеңес Бюросының мүшесі, Алматы қалалық филиалының төрағасы;

Жаксыбаева Карлыгаш Чапаевна ЭкоАкивист, Экоблогер;

«Қырғызстанның жасылдар партиясы» тарапынан

Борубаева Гульхан Бираевна Партия төрағасының орынбасары;

Ниязова Феруза Мырзамаматовна Партияның әйелдер кеңесінің төрағасы;

Осмонова Айгерим Канатовна Партияның жастар қанатының көшбасшысы;

Худайбердиев Бегалы Абдысолиевич Баткен облыстық филиал төрағасы;

Қосымша ақпарат бойынша Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясының баспасөз орталығына хабарлассаңыздар болады

+7 747 649 1288. media@baytaq.kz