Ерәділ Үббиниязов — «Байтақ» жасылдар партиясының Ақтөбе облыстық филиалы төрағасының міндетін атқарушы болып сайланды. 

29 января, 2025

Ерәділ Жиенбайұлы — 1982 жылы туған. Бокстан спорт шебері. Судья Н.К. Халықаралық деңгейдегі жаттықтырушы AIBA 2 жұлдыз. Әйелдер боксынан Ақтөбе облысының аға жаттықтырушысы. Ақтөбе облысы мен еліміздің басқа да аймақтарындағы халықтың әлеуметтік және қоғамдық өміріне белсене араласып, оны жақсарту үшін бірқатар жұмыстар атқарған. Еңбегі еленіп, — ҚР Президенті Қ.Ж. Тоқаевтың алғыс хатымен, ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы медалімен марапатталған. «Диапазон» газетінің нұсқасы бойынша 2018 жылғы «Жыл адамы». 

Ерәділ Үббиниязов жеке кәсіпкер және де, «Ақтөбе облысының аула клубтары» КЕҰ президенті, Ақтөбе қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңесінің төрағасы, «Жамбыл облысының бокс федерациясы» ҚБ президенті.

Ерәділ Жиенбайұлын жаңа қызметімен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да табысты еңбек етіп, партияның игі бастамаларын жүзеге асыруда сәттілік тілейміз!