Бүгін Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы мен AIFC Жасыл Қаржы Орталығы арасында кездесу өтті.

19 марта, 2025

Кездесу барысында жасыл экономиканы дамыту, экологиялық таза өндірістерді өркендету және тұрақты даму қағидаттарын іске асыру мәселелері талқыланды.

Сондай-ақ, «Таза Қазақстан» экологиялық жүйелі жобаларын талқылап, оларды қаржыландыру мәселесі қарастырылды.

Қоршаған ортаны қорғау мақсатында экологиялық жобаларды қаржыландырудың тиімді механизмдері, соның ішінде инвестициялық қолдау, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік және халықаралық экологиялық қорлармен ынтымақтастық мүмкіндіктері талқыланды.

Бұл кездесу Қазақстанда экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз ету және жасыл экономиканы дамыту бағытындағы маңызды қадамдардың бірі болды.