Бүгін «Байтақ» жасылдар партиясының төрағасы Азаматхан Амиртаев Астана қалалық мәслихатының депутаты Маулен Самамбетовты қабылдады.

27 марта, 2025

Кездесу барысында Астана қаласының экологиялық мәселелері, олардың шешу жолдары, сондай-ақ алдағы маңызды экологиялық бастамалар талқыланды. Сонымен қатар,  5 сәуір күні Алматы қаласында өтетін ауқымды экологиялық шараға дайындық барысын пысықтап, Наурыз мейрамын экологиялық бағытта өткізуге арналған іс-шаралар жоспарын қарастырды.

 Кездесу соңында Маулен Самамбетов Наурыз мерекесіне орай партияға арнайы сыйлық табыстады.