Тіркелмеген «Байтақ»халықтық–экологиялық партиясы
әділет органдарында партиянытіркеужөніндежәнеөзінің.
Ұйымдастырукомитетініңкезектіотырысын2 наурызкүніөткізеді.
«Байтақ Болашақ» экологиялық альянсы РҚҰ, Партияны тіркеу жөніндегі Ұйымдастыру комитеті құрамында көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері бар. Олар Олжас Сүлейменов, Ирак Елекеев, Тоқтар Әубәкіров, Азаматхан Әміртай, Орақ Әлиев, Виктор Сапульник және үкіметтік емес ұйымдар мен волонтерлік экологиялық қозғалыстардың жетекшілері.
Соңғы 5 жылда бастамашыл топ пен Ұйымдастыру комитетінің мүшелері әділет органдарына партияны тіркеу туралы 9 рет жүгінген. Барлық талаптарды орындалып отырған (соның ішінде 20 мың қол жинау), т.б. Бірақ, осы уақытқа дейін бізді тіркеуден бас тартып келді…
Мемлекет басшысының 2022 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Парламентінде сөйлеген сөзінде: «Жалпы, мемлекет пен қоғам арасындағы қарым-қатынасты түрлендіру қажет. Бізге әлеуметтік келісімшарттың жаңа форматы қажет. Қазақстан саяси жаңғыру бағытын жалғастырады. Бұл менің принципті ұстанымым», – деп атап айтқан соң, партиямыздың тіркелуіне деген үмітіміз қайта тұтанды
Бізге қолдау көрсете отырып, Президентіміздің «Қазақстанның саяси жаңғыру бағытын жалғастыруы жайлы принципті ұстанымын» жүзеге асыруға белсене атсалысқысы келіп отырған аталмыш Ұйымдастыру комитетінің отырысын кеңінен жариялауларыңызды сұраймыз.