“Байтақ” партиясының төрағасы, бірінші күні Жамбыл ауданы, Шайқорық ауылының тұрғындарымен кездесуді аяқтады. Аталмыш ауданның басты мәселесі, Шайқорық ауылы мен Жаңатас, Қаратау бағытындағы темір жол бойында жаппай ағаш кесу жүріп жатыр. Осыған байланысты, тұрғындар мен жанашырлардың тарапынан дабылдар түсіп, “Байтақ”партиясына өтініш білдірді.
Осы тұрғыда партия басшысы Азаматхан Әміртай оқиға орнына барып БАҚ өкілдеріне, уәкілетті органдарға үндеу жолдады. Қазақстан темір жолы мен жергілікті орган қызметкерлеріне бұл жағдайды қатаң бақылауға алып, ағаштарды кесуге жол бермеу керектігін ескертті.