Ұлттық Құрылтайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың синтетикалық есірткіге қарсы бастамасын, “Байтақ” партиясы қолдай отырып 22- маусымнан бастап “Синтектикалық есірткіге жол жоқ” атты акциясын өткізді.
Бірінші болып, акцияға белсенділік танытқан Жамбыл облысы Байтақ партиясының филиалы мен Тараз жастары болды. Осы қарқынмен Түркістан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Ақтөбе, Ұлытау, Қызылорда, Шымкент, Ақтау облыстары және Астана қаласы аталмыш челенджге ат салысып, видео жолдады. Іс шараның басты мақсаты жастарды саламатты өмір салтын ұстануға шақыру болды.
Алда “Байтақ” партиясының бастамасымен жоспарлы түрде синтетикалық есірткіге қарсы шараларды ұйымдастыруды шешті. Бүгін жастарға есірткінің зиян екенін, оны саудалағандарға заң үкімі қатаң екенін барынша түсіндірдік. Міне, осылайша біз жастарға нашақорлықтан келетін қауіп-қатерлерді барынша түсіндірдік деп ойлаймыз.