«Байтақ» партиясының қатары жаңа мүшелермен толықты!

26 марта, 2025

 Бүгін «Байтақ» жасылдар партиясының орталық аппаратында салтанатты жиын өтіп, оны партия төрағасы құттықтау сөзімен ашты. Кездесу барысында Абеков Қайрат пен Дулат Сүлейменовке ресми партиялық билеттер табысталды.

Дулат Сүлейменов – Ұлытау аудандық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бөлімінің бас маманы (Ұлытау ауылы, Қарағанды облысы), «Қазақмыс» АҚ Г. Омаров атындағы Жезқазған шахта проходкалар трестінің жұмыскері (Жезқазған қаласы), Ақтас кентінің әкімі (Қарағанды облысы), сондай-ақ «Ұлытау облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары (Жезқазған қаласы) болып қызмет атқарған.

Абеков Қайрат – жеке кәсіпкер, медициналық қалдықтарды жинап, қайта өңдеу арқылы өнім шығару саласында жұмыс істейді.

Экологиялық құндылықтарды қолдайтын азаматтардың қатары артып келеді! «Байтақ» жасылдар партиясына қосылған әрбір жаңа мүшеміз – табиғатты қорғауға қосылған зор үлес.