«Байтақ» жасылдар партиясының Ақтөбе облысына жасаған жұмыс сапары сәтті аяқталды. Сапар барысында бірқатар маңызды іс-шаралар өтті:
Партияның облыстық филиалының IV конференциясы өтіп, жаңа төраға сайланды. Ақтөбе облыстық филиалын тәжірибелі маман, экологиялық бастамаларды қолдаушы Ерадил Уббиниязов басқаратын болды.
Партияның Ақтөбе облыстық филиалының жаңа кеңсесі ашылды. Бұл кеңсе аймақтағы жасыл бастамаларды ілгерілетуге, экологиялық мәселелерді шешуге және азаматтардың белсенді қатысуына мүмкіндік береді.
Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаровпен кездесу өтті. Кездесуде өңірдегі экологиялық мәселелер, жасыл технологияларды дамыту және тұрақты даму стратегиялары талқыланды. Тараптар Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» бастамасы аясында бірлескен экологиялық жобаларды іске асыру қажеттігін атап өтті.
Ардагерлермен кездесу ұйымдастырылды. Кездесуде экологиялық мәдениетті қалыптастыру, жастарға экологиялық тәрбие беру және табиғатты қорғау мәселелері қозғалды. Ардагерлер өздерінің өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, экологиялық бастамаларды қолдау қажеттігін айтты.
«Байтақ» партиясы экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз ету жолында өз жұмысын күшейте бермек. Біздің басты мақсатымыз – жасыл экономикаға көшу, табиғатты қорғау және халқымызға экологиялық қауіпсіз орта қалыптастыру.