«Байтақ» партиясының төрағасы Азаматхан Амиртаев Шымкент қаласындағы іссапарын қорытынды жиынмен аяқтады!

19 февраля, 2025

Шымкент қаласына іссапарының соңында «Байтақ» жасылдар партиясының төрағасы Азаматхан Амиртаевтың қатысуымен қорытынды жиын өтті. Жиынға Шымкент қалалық филиалының жаңа төрағасы Ордабеков Алтай Еркебекұлы, филиалдың саяси кеңес мүшелері, бюро мүшелері және партия белсенділері қатысты.

Қорытынды жиында партия төрағасы өңірдің экологиялық мәселелерін талқылап, филиалдың 2025 жылға арналған нақты жоспарларын бекітті. Сонымен қатар, алдағы басымдықтар мен жасыл экономикаға көшу жолындағы нақты міндеттер белгіленді.

Бұл жиын «Байтақ» жасылдар партиясының өңірдегі маңызды экологиялық бастамаларды жүзеге асыру жолында жаңа кезеңнің бастауына айналды.