«Байтақ» партиясының төрағасы Азаматхан Әміртаев Ақтөбе ферроқорытпа зауыбының жұмысымен танысты

13 октября, 2025

Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясының төрағасы Азаматхан Әміртаев бастаған делегация Ақтөбе ферроқорытпа зауыбына барып, өндіріс барысымен танысты.
Сапар барысында делегация мүшелері кәсіпорынның экологиялық қауіпсіздік шаралары мен шығарындыларды азайту бағытындағы жұмыстарын көрді. Азаматхан Әміртаев өндіріс орындарында экологиялық стандарттарды сақтау мен табиғатқа келетін залалды азайту — елдің жасыл даму стратегиясының маңызды бөлігі екенін атап өтті.