«Байтақ» партиясының мүшесі Берікхан Нұрғалиев әскери колледж ұжымымен кездесті

23 октября, 2025

Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясының белсенді мүшесі Берікхан Нұрғалиев Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы әскери колледжге барып, офицерлер мен курсанттар алдында кездесу өткізді.
Кездесу барысында ол Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айтылған негізгі бағыттар мен реформалардың мән-маңызын түсіндіріп, еліміздің жасыл дамуы мен экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі «Байтақ» партиясының рөлін атап өтті.
Іс-шараға 50-ге жуық офицерлік құрам қатысты. Әңгіме барысында қатысушылар экологиялық мәдениетті арттыру, жастардың табиғатты қорғаудағы белсенділігін күшейту және ұлттық қауіпсіздік пен экологиялық тұрақтылық арасындағы байланыс туралы пікір алмасты.
Кездесу жоғары деңгейде өтіп, әскери ұжым тарапынан зор қызығушылық пен қолдау тапты.