Ақтөбе қаласында өткен «Байтақ» жасылдар партиясының облыстық филиалының IV конференциясы барысында филиалдың жаңа төрағасы сайланды.
Дауыс беру нәтижесінде «Байтақ» жасылдар партиясының Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы болып Уббиниязов Ерадил Жиенбаевич сайланды.
Ерадил Жиенбаевич – танымал спорт қайраткері, қоғам белсендісі, тәжірибелі ұйымдастырушы. Ол – халықаралық деңгейдегі бокс жаттықтырушысы, Ақтөбе облысының әйелдер боксы бойынша бас бапкері. Спорт саласындағы еңбегі жоғары бағаланып, Қазақстан Республикасы Президенттерінің алғыс хаттарымен, «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталған. Сонымен қатар, өңірдегі қоғамдық бастамаларды дамытуда және жастарды қолдауда белсенді қызмет атқарып келеді.
Жаңа төраға өңірдегі экологиялық мәселелерді шешу, жасыл технологияларды дамыту және экологиялық мәдениетті қалыптастыру бағытында нәтижелі жұмыс істеуге ниетті екенін атап өтті.