23 қаңтар күні «Байтақ» жасылдар партиясының төрағасы Азаматхан Амиртаевты Шымкент әуежайында партия филиалының өкілдері салтанатты түрде қарсы алды.
Іссапар партияның Шымкент қаласындағы филиалдың күн тәртібіндегі маңызды мәселелерді шешуге бағытталған.
Алдағы күндері партия төрағасы жергілікті қоғамдастықпен, белсенділермен және экологтармен кездесулер өткізіп, өңірдің экологиялық проблемалары мен оларды шешу жолдарын талқылауды жоспарлап отыр.