«Байтақ» жасылдар партиясы Түркістан облыстық филиалының IV конференциясы өтті

22 октября, 2025

2025 жылғы 21 қазан күні Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясының Түркістан облыстық филиалының кезекті IV конференциясы өтті. Іс-шараға Партия Төрағасы Әміртаев Азаматхан Сайлауұлы қатысып, өңірлік филиалдың алдағы кезеңдегі негізгі міндеттері мен стратегиялық даму бағыттарын айқындап берді.
Конференция барысында Түркістан облыстық филилалының жаңа төрағасы болып Руслан Мұратұлы тағайындалды.
Сонымен қатар, саяси кеңес мүшелері мен ревизиялық және есеп комиссияларының жаңа құрамы сайланды. Жиын партияның өңірдегі жұмысын жандандыруға, экологиялық күн тәртібін нығайтуға және қоғамды жасыл құндылықтар төңірегінде біріктіруге бағытталды.