«Байтақ» жасылдар партиясы Жеңіс күніне орай гүл шоқтарын қойды

9 мая, 2025

9 мамыр – Жеңіс күніне орай «Байтақ» жасылдар партиясы Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметоваға арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойды. Іс-шараға партия төрағасы Азаматхан Әміртаев бастаған партия мүшелері қатысты.

Бұл – Ұлы Отан соғысында қаза тапқан батырларды еске алып, олардың ерлігіне тағзым етуге арналған игі дәстүрдің жалғасы. Партия өкілдері бейбіт өмір үшін жанын қиған ардагерлердің рухына тағзым етіп, елімізге тыныштық пен тұрақтылық тіледі.