«Байтақ» жасылдар партиясы еліміздің энергетика саласын реформалау жобасын жүзеге асыруда. Негізгі бағыттардың бірі – генерацияны арттыру, көміртекті бейтараптығы стратегиясын жүзеге асыру және халықаралық климаттық міндеттемелерді орындау. Осыған байланысты түрлі топтарға атом электр станциясын салу және пайдалану мәселелерін түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Дүниежүзілік қауымдастыққа арналған бұл сюжетте партияның жасыл саясат департаментінің директоры Азамат Айябергенов халықаралық серіктестерге баса назар аударды. Естеріңізге сала кетейік, бүгін 4 мемлекет бірлескен жобаны жүзеге асыруға ниетті екенін мәлімдеді. Бұл Франция, Оңтүстік Корея, Ресей және Қытай.