Бұл – табиғаттың жаңарып, тіршілік атаулының қайта түлейтін, береке мен бірліктің, жақсылық пен ізгіліктің мейрамы. Әз-Наурыз – көктемнің келуімен бірге жан-дүниемізді жаңғыртып, ынтымақ пен татулықтың іргесін бекітетін ерекше күн.
Наурыз мейрамы – қоршаған ортамызды, туған табиғатымызды және биоәртүрлілікті құрметтеудің маңыздылығын еске салады. Біз, жасылдар партиясы ретінде, әрбір азаматты экологиялық бастамаларға белсене қатысуға, туған жеріміздің тазалығы мен болашағы үшін аянбай еңбек етуге шақырамыз.
Баршаңызға зор денсаулық, мол бақыт және амандық тілейміз! Көктемнің шуақты мейрамы шаңырағыңызға шаттық, ырыс-құт және игі бастамаларыңызға сәттілік әкелсін!
Наурыз құтты болсын!