«Байтақ» жасылдар партиясының өкілдері Швеция Парламентінде кездесу өткізді

22 сентября, 2025

Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясының делегациясы Швеция Парламентінде «Mat & Klimat» басылымының бас редакторы, жасылдар партиясынан сайланған депутат Стефан B. Нильссонмен кездесті.
Кездесу барысында тараптар Каспий теңізінің экологиялық жағдайын талқылап, су ресурстарын қорғау және аймақтық ынтымақтастық мәселелерін сөз етті.
Бұл кездесу Қазақстан мен Швеция арасындағы жасыл саясат бағытындағы өзара тәжірибе алмасуға және экологиялық мәселелерді бірлесіп шешуге маңызды қадам болып табылады.