Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы Қарағанды облыстық филиалының атқарушы хатшысы, Қарағанды қалалық мәслихатының депутаты Мурат Кудеринов, сондай-ақ Теміртау қалалық филиалының төрағасы, Теміртау қалалық мәслихатының депутаты Зулоян Тигран партия төрағасы Азаматхан Амиртаевты Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесіменқұттықтады.
Қарағанды облыстық филиалының төрағасы Сейфул-Малик Казитов жұмыс барысына байланысты келе алмағандықтан, өзінің атынан құттықтауды атқарушы хатшысына табыстады.
Қазақстанда әрбір ұлт пен ұлыстың төл мерекесіне айналған Наурыз – жаңару мен ізгілік символы. Осы орайда, «Байтақ» жасылдар партиясы да өзінің әріптестері мен мүшелерін ұмытпай, жыл сайын бұл мерекені ерекше ықыласпен атап өтеді.
«Байтақ» жасылдар партиясы ұлттық құндылықтарды ұлықтап, қоршаған ортаны қорғау мен жасыл экономиканы дамыту жолында өз миссиясын жалғастыра береді!