«Байтақ» жасылдар партиясының төрағасы бастаған делегацияның Еуропаға іссапары

22 сентября, 2025

«Байтақ» жасылдар партиясының төрағасы бастаған делегация Брюссель қаласына іссапармен келді. “Байтақ” жасылдар партия Төрағасы Азаматхан Әміртаев Қазақстанның Еуропалық Одақтағы Елшісінің кеңесшісі Нұржан Айтмақановпен кездесті. Сапар бағдарламасы аясында партия өкілдері бірден Еуропарламентке барып, жұмыс кездесуін бастады.
Бұл іссапар «Байтақ» партиясы үшін маңызды қадам болып табылады. Делегация Еуропаның жасылдар партияларымен экологиялық мәселелерді талқылап, жасыл саясаттағы тәжірибе алмасуды көздейді. Сондай-ақ Қазақстан үшін өзекті ынтымақтастық бағыттарын қарастыру жоспарлануда.