«Байтақ» жасылдар партиясының төрағасы Азаматхан Амиртаев Ақтөбе облысының ардагерлерімен кездесті

21 февраля, 2025

Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясының төрағасы Азаматхан Амиртаев Ақтөбе облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Шанғұтовпен және өңір ақсақалдарымен арнайы кездесу өткізді. Сонымен қатар, Облыстың қоғамдық кеңесінің төрағасы Тәттігүл Талаева кездесуге қатысты.

Кездесу барысында өңірдің экологиялық мәселелері, табиғатты қорғау шаралары және жас ұрпаққа экологиялық тәрбие беру тақырыптары талқыланды. Ардагерлер өз ойларымен бөлісіп, қоршаған ортаны сақтаудағы дәстүрлі құндылықтардың маңыздылығын атап өтті.

«Ақсақалдар – халықтың ақылшысы, елдің тірегі. Олардың өмірлік тәжірибесі мен ақ батасы біз үшін қашанда маңызды», – деді партия төрағасы.

«Байтақ» партиясы экологиялық мәселелерді шешуде халықтың барлық топтарымен бірлесіп жұмыс істеуді жалғастырады.