Семей ядролық полигонының жабылғанына 33 жыл толуына орай, «Байтақ» жасылдар партиясы «Жасыл энергетика – жарқын болашақтың кепілі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізеді. Іс-шара 2024 жылдың 29 тамызында, сағат 14:00-де Алматы қаласындағы партияның филиалының конференция-залында, Тұрғыт Озал көшесі, 178 мекенжайында өтеді.
Дөңгелек үстелдің мақсаты – Қазақстандағы жасыл энергетиканы дамыту мәселелерін талқылау, оның елдің тұрақты болашағын қамтамасыз етудегі рөлін талдау. Іс-шара барысында экологиялық қауіпсіздік пен атом электр станциясын салу мәселелері қарастырылады.
Дөңгелек үстелге экология және энергетика саласының сарапшылары, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, ғалымдар, «Байтақ» партиясының мүшелері және қоғам қайраткерлері қатысады.
Қосымша ақпарат алу және іс-шараға аккредитация алу үшін мына телефонға хабарласыңыз: +7 (705) 808-92-34.
БАҚ өкілдерін және барлық қызығушылық танытқан азаматтарды бұл маңызды іс-шараға қатысуға шақырамыз.