«Байтақ» жасылдар партиясының «Жасыл саясат» департаменті басшысының орынбасары Ержан Оразалинов қоршаған ортаға әсерді бағалау бойынша үш қоғамдық тыңдауға қатысты

24 февраля, 2025

Қатты қалдықтарды қайта өңдеу зауыты – жұмыстар ретке келтірілген, бірнеше ескерту жасалғанымен, айтарлықтай олқылықтар анықталған жоқ.

Қостанай қаласындағы «KIA» автокөлік зауыты – қоршаған ортаға әсерін бағалау тыңдауы өткізілуі тиіс еді, алайда белгісіз себептермен онлайн қосылым ұйымдастырылмады. Бұл мәселе мамыр айында қайта қаралатын болады.

Солтүстік Қазақстан облысындағы көмір өндірісі – ең өзекті мәселе. ИП Кистень А.А. кәсіпорны жылына 792 тонна ағаш көмірін өндіру үшін 5 280 ағашты кесіп, өртеуді жоспарлап отыр. Бұл дегеніміз 3 168 тонна тірі қайың ағашы жойылады деген сөз!

Бұл – экологиялық апат! Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында 2 миллион ағаш отырғызуды тапсырса, кейбір лауазымды тұлғалар керісінше, орманды жаппай кесуге рұқсат беруде.

«Байтақ» жасылдар партиясы бұл заңсыздыққа жол бермейді! Мемлекеттік орман қорынан ағаш кесуге рұқсат берген жауапты тұлғалардан түсініктеме талап етіледі. Табиғатымызды қорғау – баршамыздың міндетіміз!