Ақтөбе қаласында «Байтақ» жасылдар партиясының Ақтөбе облыстық филиалының IV конференциясы өтті. Іс-шараға партия төрағасы Азаматхан Сайлауұлы Амиртаев, партия мүшелері, филиал делегаттары, мемлекеттік органдардың өкілдері, экологиялық сарапшылар және БАҚ өкілдері қатысты.
Конференцияның негізгі мақсаттары:
✅ Ақтөбе облысындағы экологиялық мәселелерді шешу бойынша стратегиялық бағыттарды талқылау;
✅ 2025 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту;
✅ Ақтөбе облыстық филиалының жаңа төрағасын сайлау.
Конференция барысында:
🔸 Партия төрағасы Азаматхан Амиртаев өңірдегі экологиялық проблемалар мен олардың шешу жолдары туралы баяндама жасады;
🔸 Ақтөбе облыстық филиалының жаңа төрағасы болып Уббиниязов Ерадил Жиенбаевич сайланды;
🔸 Партияның саяси кеңес құрамы және бақылау ревизиялық комиссиясы жаңартылды.
«Байтақ» жасылдар партиясы қоршаған ортаны қорғау, халықтың экологиялық сауатын арттыру және жасыл бастамаларды қолдау бағытындағы жұмысын жалғастырады.