Қоғам және экология саласында тәжірибесі мол, құқық қорғау органдарында ұзақ жылдар еңбек еткен Қазыбекби Бүйтекұлы Алматы облыстық филиалы төрағасының уақытша міндетін атқарушы болып тағайындалды.
Қазыбекби Бүйтекұлы – 1963 жылы Алматы облысы, Кеген ауданы, Саты ауылында дүниеге келген. Әр жылдары Алматы, Қарағанды, Павлодар өңірлерінде ішкі істер және әділет органдарында түрлі жетекші қызметтер атқарған. Құқық қорғау саласында 30 жылдан астам еңбек етіп, кадр саясаты, ұйымдастырушылық және тәрбие жұмыстары бағытында зор тәжірибе жинаған.
Заң ғылымдарының кандидаты, юрист-құқықтанушы мамандығы бойынша жоғары білімді, үш бірдей жоғары оқу орнын тәмамдаған. Кеген ауданының Құрметті азаматы, Алматы қаласына сіңірген еңбегі үшін төсбелгінің иегері.
Байтақ жасылдар партиясы жаңа басшының мол тәжірибесі мен ұйымдастырушылық қабілеті өңірдегі экологиялық мәселелерді шешуге және партия жұмысының тиімділігін арттыруға серпін береді деп сенеді.