«Байтақ» жасылдар партиясына Атырау өңірінде болған қарғын су тасқыны кезінде ерекше көмек көрсеткені үшін Атырау облыстық мәслихатының төрағасынан Алғыс хат табысталды.
Атырау облысындағы қарғын су тасқынының салдары көп адамға және ауылдарға үлкен зиян тигізді, үйлерді бұзып, инфрақұрылымды зақымдады. Көптеген адамдар баспанасыз қалды және жедел көмекке мұқтаж болды. Аталған Алғыс хатта: Азаматхан Әміртаев қоршаған ортаны қорғауға деген адалдығымен танылған, осы қиын кезеңде шет қалмай, зардап шеккендерге көмек ұйымдастыруға жылдам әрі зардап шеккендерге өте қажетті көмекті ұйымдастыруды қолға алды. Оның жетекшілігімен «Байтақ» жасылдар партиясы ел бойынша көмек көрсету штабын құрды. Штаб партия мүшелерін, көмек және ресурстарды апат салдарын жоюға бағыттады делінеді.
Азаматхан Әміртаев: – Бұл алғыс өз кезегінде «Байтақ» партиясының мүшелерінің және барша партия үндеуіне ат салысып, қарғын судан зардап шеккендерге өз көмегін жеткізуге асыққан қолдаушыларымыздың еңбегі. Сонымен қатар, «Байтақ» партиясы қаржылай және гуманитарлық көмек көрсетумен қатар, бұл апатты қайталамау үшін халықаралық тәжірибені ескере отырып, алдын алу шараларын жасауға арналған бастаманы бастады. Бұл жағдай биліктің қоғаммен бірлесіп әрекет етуінің маңызды екенін және қиын кездерде бірігу қажеттігін көрсетеді.
#Байтақ, #Baytaq, #GreenParty