Ақтөбе қаласында «Байтақ» жасылдар партиясының экологиялық конференциясы өтті

12 октября, 2025

10 қазан күні Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясының Ақтөбе облыстық филиалы экологиялық конференция өттіі. Іс-шарада партияның жасыл саясаттағы басым бағыттары, өңірдің экологиялық даму мәселелері мен тұрақты экономикалық өсудің тетіктері талқыланды.
Конференция барысында табиғатты қорғау, қалдықтарды басқару, экологиялық мәдениетті арттыру және таза энергия көздерін дамыту сияқты өзекті тақырыптар көтеріліп, партия мүшелері мен сарапшылардың ұсыныстары тыңдалды.
«Байтақ» партиясы үшін бұл конференция – өңірлік экологиялық күн тәртібін нақты істермен толықтырып, қоғамда жасыл сананы нығайтудың маңызды қадамы болып табылады.