Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жолдауы аясында «Байтақ» жасылдар партиясы ғалымдар мен сарапшыларды біріктіріп, энергетика реформасы және атом станциясын салу мәселелерін терең зерттеп, халыққа кеңінен түсіндіруді бастамалайды.

Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы негізінде атом энергетикасының экологиялық және экономикалық аспектілерін терең талқылап, халыққа түсіндіру жоспарын бірлесіп жасауға арналған алаң ашылады. «Байтақ» командасы АҚШ, Қытай, Франция, Жапония, Корея және Ресейдегі технологияларды қолдану тәжірибесіне сүйене отырып, әртүрлі нұсқалардың экологиялық және экономикалық перспективаларын зерттеуде. Партия сарапшылары халық пен бұқаралық ақпарат құралдары арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Төменде онлайн медиадағы материалдарға сілтемелер, телеарналар мен блогерлердің YouTube бейнероликтері көрсетілген.

>