Жаңа әкімді округ ұжымына Балқаш ауданының әкімі Азат Үкітайұлы арнайы таныстырып, сәттілік тіледі. Салтанатты жиын барысында аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Данияр Садықбайұлы Нұрлан Әбжапарұлына әкім куәлігін табыстады.
Іс-шараға мекеме басшылары, округ тұрғындары, сондай-ақ ақсақалдар алқасының өкілі Дәліғүл Сейдахметов ағамыз қатысып, жүрекжарды тілегін білдіріп, жаңа әкімге ақ батасын берді.
Нұрлан Әбжапарұлы – ел мен жердің дамуына адал қызмет етуді мақсат еткен мемлекеттік қызметкер. Жаңа қызметінде ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуына, тұрғындардың тұрмыс сапасын арттыруға бар күшін салатынына сенім мол.