Алматы облысында «Байтақ» жасылдар партиясының конференциясы өтті

14 октября, 2025

13 қазан күні Алматы қаласында «Байтақ» Қазақстан жасылдар партиясының Алматы облыстық филиалының конференциясы өтті. Іс-шара барысында партияның өңірлік жұмыс бағыттары талқыланып, филиалдың жаңа басшылық құрамы сайланды.
Конференцияның күн тәртібіне келесі мәселелер енгізілді:
🔹 Алматы облыстық филиалының төрағасын сайлау;
🔹 Саяси кеңес мүшелерін сайлау;
🔹 2025–2026 жылдарға арналған филиалдың жұмыс жоспарын бекіту.
Іс-шараға партия төрағасы мен мүшелері, өңірдің белсенділері, қоғам өкілдері мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Конференция ашық әрі конструктивті форматта өтіп, аймақтық бөлімшенің алдағы даму бағытын айқындады.