Құрметті Астана тұрғындары мен қонақтары!

Мамыр 17, 2024

«Байтақ» жасылдардар партиясы табиғатты қорғауға және жасыл аумақтарды жақсартуға арналған экологиялық науқандарымыздың жалғасын табатынын қуана хабарлаймыз. Біз Астананың барлық мүдделі азаматтарын және пікірлестерін кезекті «Ағаш отырғызу» акциясына қатысуға шақырамыз.

Іс-шара 2024 жылдың 18 мамырында сағат 10:00-де өтеді. Өтетін орны: Майқайың көшесі 1, №70 мектептің қасында.

Мекен-жайға бару үшін №2, №3, №4, №19 немесе №40 автобустарға мініп, «Тәуелсіздік» аялдамасынан түсуді ұсынамыз.

Біз бірге қаламызды одан да жасыл және өмір сүруге жағымды ете аламыз. Біздің әсем қаламыз Астанада қоршаған ортаны сақтауға және жасыл оазистерді құруға үлес қосу үшін бізге қосылыңыз!