«Қазақстандағы қайталама шикізатты жинау мен өңдеуді арттырудағы кедергілер» тақырыбында конференция өтеді

Мамыр 18, 2023

Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы және «Қазақстанның қайта өңдеушілер қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігімен бірге «Қазақстандағы қайталама шикізатты жинау мен өңдеуді арттырудағы кедергілер» тақырыбында ағымдағы жылдың 31 мамырында Астана қаласы, Бөкейхан көшесі 1а, Назарбаев орталығында конференция өткізеді.

Конференция барысында, өңдеуші шикізаттың (макулатура, пластмасса, шыны сынықтары) тапшылығы, өнеркәсіпті экономикалық қолдаудың (субсидиялар), салықтық преференциялар, тұрмыстық қатты қалдықтарды және қалдықтардан алынатын қайталама шикізатты өңдеу бойынша нақты әзірленген мемлекеттік саясаттың жоқтығы және т.б мәселелер талқыланады. Еліміз қайталама шикізатты өңдеу өнеркәсібін дамыту және өңдеу бойынша көптеген жылдар бойы қиындықтарды бастан кешіруде.

Іс-шараға уәкілетті мемлекеттік органдар, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, қалдықтар мен қайталама шикізатты басқару жөніндегі нарыққа қатысушылар қатысады.