Экологиялық апат қаупі туралы мәселе

Наурыз 9, 2023

«Байтақ» жасылдар партиясының Жамбыл облыстық сайлауалды штабы 18 ақпанда құрылып, қазіргі уақытта өз жұмысын жүргізіп келеді. Бүгінде депутаттыққа кандидаттар 10 аудан бойынша үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуде. Партиядан Мәжіліске кандидат Абдрахметов Сапар облыстық, қалалық мәслихат депутаттығына кандидаттармен бірге «Жамбыл-су» МКК ұжымымен үгіт-насихат кездесуін өткізеді. 

Үміткерлер партияның мақсат-міндеттеріне тоқталып, Жамбыл облысындағы экология мәселесінің маңыздылығы жайында айтатын болады. Қала тұрғындарының тұрмыс жағдайын жақсарту мәселесі талқыланады.

Соңғы бірнеше жылда еліміз экологиялық мәселелермен, соның ішінде ауаның ластануы, өндірістік және тұрмыстық қалдықтар, су тапшылығы,  радиоактивті ластану және басқа да өзекті мәселелермен бетпе-бет келді.  Атап айтқанда, Жамбыл облысының орталығы – Тараз қаласындағы кәріз жүйелерінің суы мен шайынды суларын сүзу алаңдарының тазарту қондырғылары көп уақыттан бері жаңартылмағандықтан, экологиялық апат қаупін төндіріп отыр. Шайынды су, қала іргесіндегі Жамбыл ауданының аумағына, атап айтқанда, Жамбыл, Қостөбе елді мекендеріне жайыла бастады. Соның салдарынан жерасты сулары, ауыз су да ластануда. 

Тараз қаласының кәріз жүйелерінен шыққан лас су мен өндіріс, өнеркәсіп қажетіне пайдаланылған шайынды су кез келген уақытта төтенше жағдайға ұшыратуы ғажап емес. 

Анықтама:

«Байтақ» жасылдар партиясы Жамбыл облысы бойынша 9 үміткерді тіркеген. Бүгінде үміткерлер өңір бойынша жалпы саны 40-тан аса кездесу өткізіп үлгерді. Облыс бойынша партия мен кандидаттар туралы 30 баннер ілініп,  үгіт-насихат материалдан 15 мыңға жуық листовка жасалып, 8 мыңға жуық флаер, 14 мыңға жуық буклеттер жасалған. Қазіргі таңда партияда 120-дан аса үгіт-насихатшылар бар.

Өтетін орын:

09.03.2023, 10:00