Бердиева Жанар

Саяси кеңес мүшесі

Мен Бердиева Жанар Жақсылықызы 1971 жылдың наурыз айының 22
жұлдызында Қызылорда облысы, Арал ауданы, Қаратерең ауылында дүниеге
келдім.

1988 жылы №82 Т.Г Шевченко атындағы орта мектепті аяқтап, 1988 жылы
Арал аудандық М.Ауезов атындағы орталық кітапханасында кітапханашы болып
жұмысымды бастадым. 1989 жылы Торғай облысы, Арқалық қаласына
педагогикалық училищесіне оқуга тусіп, оны 1991 жылы аяқтадым.

1992-1993 жылдар аралығында Арқалық қаласында Ақбота балабақшасында тәрбиеші
қызметін аткардым. 1993 жылы Арал аудандық № 13 мектептің бастауыш сынып
мұғалімі болып 1995 жылға дейін жұмыс жасадым.

1996 -2002 жылдар аралығында Қызылорда облыстық Жол полиция басқармасында іс-жүргізуші
қызметін атқардым.

2006-2011 жылдар аралығында Фирма «Жакат» ЖШС-де басшы лауазымында тағайындалып, жұмыс жасадым.

2010 жылы жеке «Сыр- Арал сараптама» ЖШС-ді аштым. Осы ЖШС -де экологиялық жобалау және нормалау, өндірістік мониторинг және өндірістік- қауіпсіздік саласы бойынша жұмыс
жасаймыз.