«Байтақ» партиясының көшбасшысы Азаматхан Амиртаев Атырау облысына іс-сапары барысында Дәурен есімді экобелсендімен кездесті. Жас жігіт Атырау қаласында урбанизация орталығын ашуды көздейді. Өйткені, қазіргі уақытта еліміздегі қалалық тұрғындардың саны күннен күнге арта түсуде.
Осы рете тұрғындардың барлығы қолайлы, жайлы жолдармен, алаңдармен, балалар алаңдарымен, қажетті орталықтармен қамтамасыз етілуі керек. Футбол, волейбол алаңдары жастары көп жерлерде салыну керек. Саябақтар үлкен кісілердің көп тұратын жерінде болуы керек. Осылайша тұрғындардың жас ерекшеліктеріне сай, қаланың инфрақұрылымы жоспарлануы тиіс. Дәурен осы жұмыстарды қадағалау үшін, урбанизация орталығын ашуды жоспарлап отыр.
Белсенді тұрғынның бастамасына көңілі толған партия төрағасы, оның жоспарына барынша көмек қолын беретін болады. «Байтақ» партиясы білімді, белсенді жастарды қолдайды. Оларды партия мүшелігіне кіріп, қоғамның өзекті мәселелерін бірлесіп шешуге шақырады.