«Байтақ» партиясы «Ауыз су және су ресурстары» атты дөңгелек үстел өткізеді

Тамыз 10, 2023

Қазақстанда су қашанға дейін жетеді? Осы тақырыпта «Байтақ» партиясы «Ауыз су және су ресурстары» атты дөңгелек үстел өткізеді.

«Қазақстанның ауыз суы және су ресурстары» атты дөңгелек үстел 17 тамызда сағат 10.00-де Астана қаласы, Қонаев көшесі 7, мекенжайы бойынша «Rixos» қонақүйінде өтеді. Қатысушылар арасында министрлік, жергілікті сарапшылар мен халықаралық сарапшылар бар.

Мемлекет басшысы су мәселесін тез арада шешу туралы тапсырмасынан соң су кодексі талқыланады.

Дөңгелек үстелдің мақсаты – Қазақстанның су ресурстарын кешенді басқару бойынша тұжырымдамалық ұсыныстар алу.

Таза, сапалы су барлығына қолжетімді болуы керек.

Аккредитациядан өту үшін мына нөмерге хабарласуға болады.

+7 747 649 1288