Алматыда «Байтақ» партиясының өңірлік Саяси кеңесінің отырысы өтті. Алқалы жиында Саяси кеңес мүшелері күн тәртібіндегі өзекті мәселелер — Қазақстанның Жасылдар партиясының атынан наурызда өтетін сайлауда Алматы қаласының округтері мен Мәжіліске ұсынылатын кандидатураларды әрі Жарғыға енгізілуі ықтимал өзгерістерді талқылады. Отырыс қатысушылары партияның сайлауалды платформасының әр тармағын жеке қарастырды. Бұл құжат 3-ші ақпанда Астанада өтетін республикалық съезде қабылдануы тиіс.
Сондай-ақ, партия өкілдері «Байтақ» партиясының 2023-ші жылы 3-ші ақпан күні Астанада өтетін сайлауалды съезіне қатысатын алматылық команда делегаттарының құрамын бекітті.