«Байтақ» жаңа саяси партиясының сайлауалды съезі өтеді

Ақпан 17, 2023

2023 жылдың 3 — ақпанында, сағат 11:00-де Астана қаласында Қазақстанның «Байтақ» жасылдар жаңа саяси партиясының сайлауалды съезі өтеді. Мұндай шешім партияның Саяси кеңесінің пленарлық отырысында қабылданып, алдағы съездің күн тәртібі де талқыланды.

Съезде партияның сайлауалды тұғырнамасы талқыланып, дауысқа салынатын болады. Съезд жұмысына еліміздің барлық өңірлерінен делегаттар қатысады.

Съезді шақыру туралы қаулыға «Байтақ» партиясының төрағасы Азаматхан Әміртай қол қойды.

Партия 2022 жылдың соңында экологиялық тұрақты қоғам құру, жасыл саясат қағидаттарын — әлеуметтік әділеттілік, халықтық демократия және экологияға ұқыпты қарау қағидаттарын қолдау және жүзеге асыру
мақсатында құрылды.

Сайлауалды съезд келесі мекенжай бойынша өтетін болады:
Астана қаласы, Мәңгілік ел С4.6, EXPO қалашығы, «Astana Hub» халықаралық технопаркының мәжіліс залы.