Моңғолияның Қоршаған орта және климат өзгерісі министрлігінде қазақстандық делегациямен ресми кездесу өтті. Министрліктің жауапты хатшысы Э. Баттулга және басқарма басшысы Д. Дэлгэрбат «Байтақ» жасылдар партиясының өкілі Орал Даутты және ИЗНН-нің (Моңғолияның Азаматтық Жасылдар партиясы) халықаралық байланыстар жөніндегі төраға орынбасары Д. Дэжидмааны қабылдады.
Кездесуде екі елдің экологиялық мәселелерді бірлесіп шешу, халықаралық деңгейде өзара қолдау көрсету және Қазақстанның инвестициялық қолдауы талқыланды.
Бұл кездесу – Қазақстан мен Моңғолия арасындағы жасыл экономиканы дамыту мен экологиялық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған маңызды қадам.