«Таза Like» жобасы – қоршаған ортаны қорғау мен қалдықтарды дұрыс сұрыптау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған ерекше экологиялық қозғалыс

19 марта, 2025

Бүгін №82 «Дарын» мамандандырылған лицейінде алғашқы экобокстар орнатылып, балалар қоқысты қайта өңдеудің маңыздылығын тәжірибе жүзінде үйрене бастады. Бұл – таза болашаққа жасалған нақты қадам! Оқушылар қалдықтарды дұрыс сұрыптауды үйрену арқылы қоршаған ортаға деген жауапкершілік сезімін ерте жастан қалыптастырады.

«Байтақ» партиясы қоршаған ортаны қорғау мен тұрақты дамуға бағытталған осындай бастамаларды әрдайым қолдайды. Біздің мақсатымыз – таза табиғат, жасыл Қазақстан!