Ақтөбе қаласында «Байтақ» жасылдар партиясының облыстық филиалының жаңа кеңсесі ресми түрде ашылды. Бұл кеңсе партия мүшелерінің, қоғам белсенділерінің және өңір тұрғындарының бас қосып, өзекті мәселелерді талқылайтын орнына айналады.
Жаңа кеңседе маңызды мәселелер талқыланып, нақты шешімдер қабылданады. Партия филиалы аймақтағы әлеуметтік, экономикалық және өңірлік даму бағытындағы бастамаларды күшейтуді жоспарлап отыр.
Кеңсенің ашылу рәсіміне партия мүшелері, қоғам белсенділері мен Ақтөбе тұрғындары қатысты. Қатысушылар жаңа кеңсе аймақтың дамуына оң ықпал етіп, көптеген бастамалардың жүзеге асуына мүмкіндік беретініне сенім білдірді.