«Байтақ» жасылдар партиясының төрағасы Азаматхан Амиртаев Алматы қалалық филиалының төрағасы Асқар Иманалиевті қабылдады

11 марта, 2025

Кездесу барысында Алматы қалалық филиалының негізгі мақсаттары мен алдағы жоспарларын талқылады. Сонымен қатар, алда тұрған сайлау науқаны мен оған дайындық барысына тоқталды.

Асқар Иманалиев Алматы қаласында экологиялық бастамаларды ілгерілету, халықтың экологиялық санасын арттыру және қоршаған ортаны қорғау мәселелерінде белсенді жұмыстар жүргізу қажеттігін атап өтті. Өз кезегінде, Азаматхан Амиртаев қалалық филиалдың қызметін күшейту, қоғаммен тығыз байланыс орнату және жасыл экономика қағидаттарын енгізу жолында жүйелі жұмыстар атқарудың маңыздылығына тоқталды.